«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы (2012.11.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын одан әрі дамыту мақсатында және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары: 1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту мақсатында оның инвестициялық тартымдылығын арттыру; 2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу; 3) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың оңтайлы моделін белгілеу; 4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында кәсіптік оқытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; 5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп, Қоғамның жарғысын бекітсін және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне берсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың тізбесі
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-116-жолмен толықтырылсын: «21-116. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ». 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулының қосымшасында: «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 264-4-жолмен толықтырылсын: «264-4. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ». 3. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Акционерлік қоғамдар» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын: «2. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы». 4. ҚР Үкіметінің 2012.11.05. № 605 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1355 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 50, 567-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайыз мемлекетке тиесілі, оларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өнім берушіні таңдауды және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-1-жолмен толықтырылсын: «
«.
|