Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап бір апталық мерзімде бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі
1) «Ілеспе жүк құжаттарын ресімдеу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 366 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 28 қазанда № 2543 болып тіркелген, «Ресми газет» 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 50 (154) газетінде жарияланған); 2) «Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 599 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда № 5426 болып тіркелген, «Заң газеті» 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 11 (1608) газетінде жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|