|
|
|
Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығымен күші жойылды
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 23) тармақшасын және 14-2-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С.Хасенов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-03/159 бұйрығымен бекітілген
Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына және 14-2-бабына сәйкес әзірленді және оларды пайдалану тәртібін белгілейді. 2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы «Карантиндік объектілер, бөтен текті түрлер және ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысымен бекіткен тізбеге (одан әрі - Тізбе) енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жою үшін пайдаланылатын, ұдайы жаңартылатын пестицидтердің белгілі көлемі болып табылады. 3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) запасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |