Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері - мемлекеттік мекемелері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бөліну жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменттері - мемлекеттік мекемелері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің - мемлекеттік мекемелерін аумақтық органдарының қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 554-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ережеде: 13-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;»; 22-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) Министрліктің кадр саясатында гендерлік теңдік қағидатын сақтауды қамтамасыз етеді;»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің аумақтық органдарының тізбесі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|