«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары»; 2), 3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмысын белгілеу және ұйымдастыру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 533 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ашылу, жұмыс істеу және жабылу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің (бұдан әрі - өткізу пункттері) ашылу, жұмыс істеу және жабылу тәртібін айқындайды. 2. Өткізу пункттері Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен халықаралық қатынастарын қамтамасыз етуге арналған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|