Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін анықтайды. 2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: 1) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу; 2) иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмыс сапасын бақылау; 3) радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бақылау жүргізу; 4) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау; 5) азық-түліктерде, материалдарда, қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің бар-жоғын айқындау, радонның және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу; 6) аумақтарды гаммалық суретке түсіру және басқа да радиометрикалық зерттеулер; 7) персоналды, халықты дозиметрлік жеке-жеке бақылау; 8) аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту және өңдеп қалпына келтіру. 3. Лицензиялау субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар жатады. 4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 5. Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензия бас лицензия болып табылады, оның қолданылу мерзіміне шек қойылмайды.
6. Лицензия мен лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші (заңды немесе жеке тұлға) лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін); 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін); 4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (жеке кәсіпкер үшін); 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензия берілген қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар (қызметтің кіші түріне). 8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға өтінішпен бірге ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады). 9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар ұсынылмаған; 3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін. 11. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша хабардар етпесе, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін белгіленген мерзімдер біткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған уақытынан бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді. 13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 14. Лицензиядан айыру, қолданылуын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдірген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайларда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті. 17. Лицензиардың шешімдері мен іс-қимылдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады. 18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 қаулысымен бекітілген
Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді. 2. Қызметтің бұл түрі мынадай кіші түрлерін қамтиды: 1) құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу; 2) иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмысының сапасын бақылау; 3) радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бақылау жүргізу; 4) аумақтарды, үй-жайларды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау; 5) азық-түліктерде, материалдарда, қоршаған орта объектілерінде радионуклидтердің бар-жоғын айқындау, радонның және басқа да радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу; 6) аумақтарды гаммалық суретке түсіру және басқа да радиометрикалық зерттеулер; 7) персоналды, халықты дозиметрлік жеке-жеке бақылау; 8) аумақтар мен объектілерді радиациялық оңалту және өңдеп қалпына келтіру. 3. Құрамында иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға, медициналық қызметті қоса алғанда, техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, бөлшектеу, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу, иондаушы сәуле шығару көздерінің, сондай-ақ құрамында осындай көздер бар немесе иондаушы сәуле шығаруды генерациялайтын аспаптардың, жабдықтың, қондырғылардың жұмысының сапасын бақылау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) жұмыстарды орындау үшін жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген бақылау әдістері және өлшеу құралдары, конструкторлық-технологиялық құжаттама); 2) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламентінің (нұсқаулықтың); 3) бекітілген радиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтардың, ықтимал авариялардың алдын алу және жою жөніндегі жоспарлардың; 4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 5) персоналдың сәулелену мөлшерін өлшеу және есептеу жүйесінің; 6) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімінің және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесінің (жеке тұлға үшін); 7) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының (заңды тұлға үшін); 8) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің; 9) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының; 10) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының; 11) экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды. 4. Радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікті негіздеу үшін жобаларды, технологияларды, ғылыми-техникалық құжаттаманы әзірлеу, радиациялық немесе ядролық қауіпсіздікке сараптама, талдау және бағалау жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 2) қауіпсіздікті бағалау үшін пайдаланылатын аттестатталған есептік бағдарламалар мен кодтардың; 3) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің болуын қамтиды. 5. Аумақтарды, үй-жайды, жұмыс орындарын, тауарларды, материалдарды, металл сынықтарын, көлік құралдарын радиациялық бақылау, аумақтарды гамма-түсіру және басқа да радиометрлік зерттеулер, азық-түліктердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің құрамын анықтау, радонның және басқа радиоактивті газдардың шоғырлануын өлшеу, персоналды, тұрғындарды жеке дозиметрлік бақылау бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген қажетті өлшеу құралдары мен сынақ жабдықтарының; 2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесінің (жеке тұлға үшін); 3) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының (заңды тұлға үшін); 4) өлшеулер жүргізудің бекітілген және метрологиялық аттестатталған әдістемелерінің, сұрыптау және сынамаларды дайындау бойынша бекітілген нұсқаулықтардың; 5) иондаушы сәуле шығару көздерімен, радиоактивті заттармен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздік бойынша бекітілген нұсқаулықтардың; 6) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 7) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің; 8) иондаушы сәуле шығару көздерінің санитарлық паспортының (заңды тұлға үшін); 9) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының; 10) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының; 11) міндетті экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды. 6. Радиациялық оңалту және аумақтар мен объектілерді қалпына келтіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін біліктілік талаптары өтініш берушіде: 1) радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыруға, жинауға, сақтауға, қайта өңдеуге арналған жеке меншік немесе жалға беру құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндірістік үй-жайлар, инженерлік құрылыстар, машиналар, механизмдер, жабдықтар, өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес қолдануға рұқсат етілген бақылау әдістері және өлшеу құралдары); 2) бекітілген жұмыстарды жүргізудің технологиялық регламентінің (залалсыздандыру, жинау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу тәсілі); 3) белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстарды жүзеге асыру кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың; 4) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған және радиациялық қауіпті жұмыстарды орындауға рұқсат етілген, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білу бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және бір жылдан кем емес практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының; 5) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік сапасын қамтамасыз ету бағдарламасының; 6) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің; 7) иондаушы сәуле шығару көздеріне арналған санитарлық паспортының; 8) қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.
|