«Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 657 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 714 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 қаулысымен бекітілген
Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алудың тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|