Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 ақпандағы № 124 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің
2008 жылғы 8 ақпандағы
№ 124 қаулысымен
бекітілген
Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды
тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес әзірленген.
2. Ереже парниктік газдарды атмосфераға шығару (парниктік газдардың жұтылуын қоспағанда) және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алудың тәртібін айқындайды.
3. Парниктік газдарды атмосфераға шығару және озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу жүйелі, мерзімді толықтырылатын және нақтыланатын мәліметтер жиынтығын білдіреді, ол Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрына және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрына қалыптастырылады.
4. Ереже парниктік газдарды атмосфераға шығару көздері бар заңды тұлғаларға, сондай-ақ озон қабатын бұзатын заттарды тұтынумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - табиғат пайдаланушылар) қолданылады.
5. Ереже құрамында озон қабатын заттар бар өнім Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның жеке мүлкі немесе тұрмыстық заттары бар контейнерлерде немесе ұқсас коммерциялық емес жағдайларда өткен жағдайларға қолданылмайды.
2. Парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын
бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік есепке алу тәртібі
6. Осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген парниктік газдарды шығару көздері мемлекеттік есепке алуға жатады.
7. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды мемлекеттік есепке алуға мыналар жатады:
1) осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген озон қабатын бұзатын заттардың тізбесіне сәйкес озон қабатын бұзатын заттарды өндіру;
2) озон қабатын бұзатын заттарды импорттау/экспорттау;
3) құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдық пен өнімді импорттау/экспорттау.
8. Парниктік газдарды шығару көздері бар табиғат пайдаланушылар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 30 маусымнан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен парниктік газдарды түгендеу паспорттарын ұсынады.
9. Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 30 маусымнан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша озон қабатын бұзатын заттарды жылдық тұтыну туралы деректерді ұсынады.
10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдарды түгендеу паспорттарының мәліметтерін және озон қабатын бұзатын заттарды жылдық тұтыну туралы деректерді Парниктік газдардың мемлекеттік кадастрына және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрына енгізеді.
Ережеге
1-қосымша
Парниктік газдар
А тізімі |
№ Р/с | Парниктік газ | Химиялық формула | Атауы |
1. | Көміртегі диоксиді | (СО2) | |
2. | Метан | (СН4) | |
3. | Азоттың шала тотығы | (N2О) | |
Гидрофторкөміртектер (ГФК) |
4. | НҒС-23 | СНҒз | |
5. | НҒС-32 | CH2F2 | |
6. | НҒС-41 | CH3F | |
7. | НҒС-43-IOmee | C2HF5 | |
8. | НҒС-125 | C2H2F4(CHF2CHF2) | |
9. | НҒС-134 | C2H2F4(CH2FCF) | |
10. | НҒС-134а | C2H4F2(CH3CHF2) | |
11. | НҒС-152а | C2H2F3(CHF2CH2F) | |
12. | НҒС-143 | C3H3F3(CF3CH3) | |
13. | НҒС-143а | C2HF7 | |
14. | НҒС-227еа | C3H2F6 | |
15. | НҒС-236fa | C3H3F5 | |
16. | НҒС-245са | C2HF5 | |
Перфторкөміртектер (ПФК) |
17. | Перфторметан | C2F6 | |
18. | Перфторэтан | C3F7 | |
19. | Перфторпропан | C4F10 | |
20. | Перфторбутан | c-C4F8 | |
21. | Перфторциклобутан | C5F12 | |
22. | Перфторпентан | C6F14 | |
23. | Перфторгексан | C2F6 | |
24. | Күкірт гексафториді | SF6 | |
Ережеге
2-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттар тізбесі
А тізімі |
№ р/с | Топ | Зат | Атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
I топ |
1 | CFCl3 | (ХФУ-11) | Трихлорфторметан |
2 | CF2Cl2 | (ХФУ-12) | Дихлордифторметан |
3 | C2F3Cl3 | (ХФУ-113) | Трихлортрифторэтандар |
4 | C2F4Cl2 | (ХФУ-114) | Дихлортетрафторэтан |
5 | C2F5Cl | (ХФУ-115) | Хлорпентафторэтан |
II топ |
6 | CF2BrCl | (Галон 1211) | Бромхлордифторметан |
7 | CF3Br | (Галон 1301) | Бромтрифторметан |
8 | C2F4Br2 | (Галон 2402) | Дибромтетрафторэтандар |
В тізімі |
I топ |
1 | CF3Cl | (ХФУ-13) | Хлортрифторметан |
2 | C2FCl5 | (ХФУ-111) | Пентахлорфторэтан |
3 | C3F2Cl4 | (ХФУ-112) | Тетрахлордифторэтан |
4 | C3FCl7 | (ХФУ-2111) | Гептахлорфторпропан |
5 | C3F2Cl6 | (ХФУ-212) | Гексахлордифторпропан |
6 | C3F3Cl5 | (ХФУ-213) | Пентахлортрифторпропан |
7 | C3F4Cl4 | (ХФУ-214) | Тетрахлортетрафторпро- пан |
8 | C3F5Cl3 | (ХФУ-215) | Трихлорпентафторпропан |
9 | C3F6Cl2 | (ХФУ-216) | Дихлоргексафторпропан |
10 | C3F7Cl | (ХФУ-217) | Хлоргептафторпропан |
II топ |
11 | CCl4 | | Төртхлорды көміртегі (ТХК) тетрахлорметан |
III топ |
12 | C2H3Cl31* | | Метилхлороформ (МХФ), яғни 1,1,1-трихлорэтан |
C тізімі |
I топ |
1 | CHFCl2 | (ГХФУ-21) | Фтордихлорметан |
2 | CHF2Cl | (ГХФУ-22) | Дифторхлорметан |
3 | CH2FCl | (ГХФУ-31) | Фторхлорметан |
4 | C2HFCl4 | (ГХФУ-121) | Фтортетрахлорэтан |
5 | C2HFCl3 | (ГХФУ-122) | Дифтортрихлорэтан |
6 | C2HF3Cl2 | (ГХФУ-123а) | Трифтордихлорэтан |
7 | CHCl2CF3 | (ГХФУ-123) | Трифтордихлорэтан |
8 | C2HF4Cl | (ГХФУ-124а) | Тетрафторхлорэтан |
9 | CHFClCF3 | (ГХФУ-124) | Тетрафторхлорэтан |
10 | C2H2FCl3 | (ГХФУ-131) | Фтортрихлорэтан |
11 | C2H2F2Cl2 | (ГХФУ-132) | Дифтордихлорэтан |
12 | C2H2F3Cl | (ГХФУ-133) | Трифторхлорэтан |
13 | C2H3FCl2 | (ГХФУ-141) | 1-фтор-2,2-дихлорэтан |
14 | CH3СFCl2 | (ГХФУ-141b) | 1,1,1-фтордихлорэтан |
15 | C2H3F2Cl | (ГХФУ-142) | Дифторхлорэтан |
16 | CH3CF2Cl | (ГХФУ-142b) | Дифторхлорэтан |
17 | C2H4FCl | (ГХФУ-151) | Фторхлорэтан |
18 | C3HFCl6 | (ГХФУ-221) | Фторсекстахлорпропан |
19 | C3HF2Cl5 | (ГХФУ-222) | Дифторпентахлорпропан |
20 | C3HF3Cl4 | (ГХФУ-223) | Трифтортетрахлорпропан |
21 | C3HF4Cl3 | (ГХФУ-224) | Тетрафтортрихлорпропан |
22 | C3HF5Cl2 | (ГХФУ-225) | Пентафтордихлорпропан |
23 | CF3CF2CHCl2 | (ГХФУ-225са) | Пентафтордихлорпропан |
24 | CF2ClCF2CHClF | (ГХФУ-225td) | Пентафтордихлорпропан |
25 | C3HF6Cl | (ГХФУ-226) | Гексафторхлорпропан |
26 | C3H2FCl5 | (ГХФУ-231) | Фторпентахлорпропан |
27 | C3H2F3Cl4 | (ГХФУ-232) | Дифтортетрахлорпропан |
28 | C3H2F3Cl3 | (ГХФУ-233) | Трифтортрихлорпропан |
29 | C3H2F4Cl2 | (ГХФУ-234) | Тетрафтордихлорпропан |
30 | C3H2F6Cl | (ГХФУ-235) | Пентафторхлорпропан |
31 | C3H3FCl4 | (ГХФУ-241) | Фтортетрахлорпропан |
32 | C3H3F2Cl3 | (ГХФУ-242) | Дифтортрихлорпропан |
33 | C3H3F3Cl2 | (ГХФУ-243) | Трифтордихлорпропан |
34 | C3H3F4Cl | (ГХФУ-244) | Тетрафторхлорпропан |
35 | C3H4FCl3 | (ГХФУ-251) | Фтортрихлорпропан |
36 | С3Н4F2Сl2 | (ГХФУ-252) | Дифтордихлорпропан |
37 | C3H4F3Cl | (ГХФУ-253) | Трифторхлорпропан |
38 | C3H5FCl2 | (ГХФУ-262) | Фтордихлорпропан |
39 | C3H5F2Cl | (ГХФУ-262) | Дифторхлорпропан |
40 | C3H6FCl | (ГХФУ-271) | Фторхлорпропан |
II топ |
41 | CHFBr2 | (ГБФУ-21B2) | Фтордибромметан |
42 | CHF2Br | (ГБФУ-22В1) | Дифторбромметан |
43 | CH2FBr | (ГБФУ-31В1) | Фторбромметан |
44 | C2HFBr4 | (ГБФУ-121В4) | Фтортетрабромэтан |
45 | C2HF2Br3 | (ГБФУ-123В3) | Дифтортрибромэтан |
46 | C2HF3Br2 | (ГБФУ-123В2) | Трифтордибромэтан |
47 | C2HF4Br | (ГБФУ-124В1) | Тетрафторбромэтан |
48 | C2H2FBr3 | (ГБФУ-131В3) | Фтортрибромэтан |
49 | C2H2F2Br2 | (ГБФУ-132В2) | Дифтордибромэтан |
50 | C2H2F3Br | (ГБФУ-133В1) | Трифторбромэтан |
51 | C2H3FBr2 | (ГБФУ-141В2) | Фтордибромэтан |
52 | C2H3F2Br | (ГБФУ-142В1) | Дифторбромэтан |
53 | C2H4FBr | (ГБФУ-151В1) | Фторбромэтан |
54 | C3HFBr6 | (ГБФУ-221В6) | Фторгексабромпропан |
55 | C3HF2Br5 | (ГБФУ-222В5) | Дифторпентабромпропан |
56 | C3HF3Br4 | (ГБФУ-223В4) | Трифтортетрабромпропан |
57 | C3HF4Br3 | (ГБФУ-224В3) | Тетрафтортрибромпропан |
58 | C3HF5Br2 | (ГБФУ-225В2) | Пентафтордибромпропан |
59 | C3HF6Br | (ГБФУ-226В1) | Гексафторбромпропан |
60 | C3H2FBr5 | (ГБФУ-231В5) | Фторпентабромпропан |
61 | C3H2F2Br4 | (ГБФУ-232В4) | Дифтортетрабромпропан |
62 | C3H2F3Br3 | (ГБФУ-233В3) | Трифтортрибромпропан |
63 | C3H2F4Br2 | (ГБФУ-234В2) | Тетрафтордибромпропан |
64 | C3H2F5Br | (ГБФУ-235В1) | Пентафторбромпропан |
65 | C3H3FBr4 | (ГБФУ-241В4) | Фтортетрабромпропан |
66 | C3H3F2Br3 | (ГБФУ-242В3) | Дифтортрибромпропан |
67 | C3H3F3Br2 | (ГБФУ-243В2) | Трифтордибромпропан |
68 | C3H3F4Br | (ГБФУ-244В1) | Тетрафторбромпропан |
69 | C3H4FBr3 | (ГБФУ-251В3) | Фтортрибромпропан |
70 | C3H4F2Br2 | (ГБФУ-252В2) | Дифтордибромпропан |
71 | C3H4F3Br | (ГБФУ-253В1) | Трифторбромпропан |
72 | C3H5FBr2 | (ГБФУ-261В2) | Фтордибромпропан |
73 | C3H5F2Br | (ГБФУ-262В1) | Дифторбромпропан |
74 | C3H6FBr | (ГБФУ-271В1) | Фторбромпропан |
III топ |
75 | CH2BrCl | | Бромхлорметан |
Ескертпе: 1* Осы формула 1,1,2-трихлорэтанға жатпайды
Ережеге
3-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды жылдық тұтыну
туралы есептілік нысаны
№ р/с | Табиғат пайдаланушы (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.) | Күні | Құрамында ОҚБЗ бар жабдық пен өнімнің орналасқан жері | ОҚБЗ атауы және химиялық формула |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Өндірілген ОҚБЗ саны, кг | Импортталатын ОҚБЗ саны, кг | Экспортталатын ОҚБЗ саны, кг | ОҚБЗ тұтынылған саны, кг (9-бағ. = 6-бағ.+ 7-бағ. - 8-бағ.) |
6 | 7 | 8 | 9 |