Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері (2012.20.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 73 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті құрылсын. 4. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті; 2) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті қарамағындағы ұйымдар болып қайта ұйымдастырылсын. 1) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара ) 2) ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды бұр. ред. қара ) 3) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. Мыналар: 1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақтуринвест» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін: туризм инфрақұрылымының құрылысын, оның ішінде туристерді, көлікті, қоғамдық тамақтандыру объектілерін, ойын-сауық объектілері мен құралдарын, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге мақсаттағы объектілерді орналастыру орындарын жоспарлау; туризм индустриясы объектілерін салу үшін қажетті инженерлік коммуникацияларды (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау, байланыс) салу және жүргізу; 2) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын; қоғам қызметінің негізгі түрлері мыналар болып белгіленсін: туризм және спорт объектілерін ұстау, оларға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу; туристік қызметтер мен туристік өнімдердің маркетингі; жарнамалық, анықтамалық, әдістемелік өнімдер шығару және өндіру; кәдесый және басқа да туристік өнімдер жасау, спорттық жабдықпен, мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету. 8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен 400000000 (төрт жүз миллион) теңге бөлсін. 9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне берсін; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп: 1) қоғамдардың жарғылық капиталын осы қаулының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражаттан 200000000 (екі жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; 2) қоғамдардың Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 10. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі белгіленген тәртіппен қоғамдардың директорлар кеңесін қалыптастырсын. 11. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 12. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі осы қаулының іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 13. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.20.10. № 974 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2008.11.03. № 235 (бұр.ред.қара); 2008.15.10. № 947 (бұр. ред. қара); 2009.30.12. № 2308 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен тізбе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.20.02. № 244 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағына қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесi
1. Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Кәркен Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Риддер қаласындағы «Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесіне.
ҚР Үкіметінің 2007.27.04. № 340 Қаулысымен 2-бөлім толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 300 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік кәсіпорындар
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорттың бұқаралық және қысқы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Су спортының және спорттың қолданбалы түрлері бойынша республикалық жоғары спорттық шеберлік мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 6. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорт медицинасы мен оңалту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 8. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 9. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинаты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына. 10. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 11. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 12. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 13. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің Алматы қаласындағы «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің Алматы қаласындағы «Спорт ғимараттарының құрылысын салу жөніндегі дирекция» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына. 15. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, (шаруашылық жүргізу құқығындағы) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Олимп» спорт-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (шаруашылық жүргізу құқығындағы). 15-1. ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15-2. ҚР Үкіметінің 2009.13.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
16. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің «Спорт &»KS» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Спорт & КS» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне.
Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 36-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті». 2. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті» деген бөлімде: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті»; реттік нөмірі 518-жол алынып тасталсын. 3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-72, 21-73, 21-74-жолдармен толықтырылсын: «21-72. «Қазақтуринвест» АҚ; 21-73. «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету»АҚ; 21-74. «SPORT&ks» газетінің редакциясы «ЖШС». 4. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне 297 «Қазақтуринвест» АҚ; 298 «Туризм және спорт индустриясын материалдық-техникалық қамтамасыз ету» АҚ; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетіне 299 «SPORT&ks газетінің редакциясы» ЖШС». 5. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 26, 327-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Туризм» пилоттық кластерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарда: реттік нөмірлері 13, 15, 16, 26, 27, 36 және 37-жолдардың 3 және 4-бағандарындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ТСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпеде: «ККМ - Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ТСМ - Туризм және спорт министрлігі».
|