Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2007 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағанының екінші абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді 2. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары» деген 1-тарау 1-тармағының 8-1) тармақшасы алынып тасталсын. 3. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде: «Электротехникалық, радиотехникалық электронды бұйымдар» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
4. «Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 596-құжат): 1-тармақ алынып танылсын. 5. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацындағы, 10-тармақтың екінші, үшінші, он үшінші абзацтарындағы «және спорт» деген сөздер «, спорт және ойын бизнесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтінде 10-тармақтың үшінші абзацындағы және 11-тармақтың екінші абзацындағы «және спортты» деген сөздер «, спортты және ойын бизнесін» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.» 11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді; ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекітеді.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ережеде: 1-тармақта: бірінші абзацтағы «туристік қызметті» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «туристік индустрияны» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: 5) тармақшадағы «туризм саласындағы» деген сөздер «туризм, ойын бизнесі салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын: «12-1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу; 12-4) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу;»; «18) ойын мекемелерінің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.»; 10-тармақта: 1) тармақшада «туристік саланы» деген сөздерден кейін «, ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшадағы «туризм саласында» деген сөздер алынып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтінде 8) тармақшадағы «тартуға» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге; 10) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;»; 11) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау мәніне тексерулерді жүзеге асыруға; 12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға; 13) талап-арыздармен сотқа жүгінуге, оларды қарауға қатысуға; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге.».
|