Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
«Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/53 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 852 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-6) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қорында таңбалар қолдану тәртібін белгілейді. 2. Ағаштарды, сыпталған ағаштарды, кесінді ағаштарды және түбірлерді таңбалау кеспеағаш бөлуді, ағаш кесуді жүргізудің және ағаш босатудың дұрыстығын, заңсыз ағаш кесудің тіркелуін бақылау мақсатында, сондай-ақ сүректі кеспеағаштан және жоғарғы қоймалардан тасып әкету кезінде оны есепке алу үшін жүргізіледі. 3. Мемлекеттік орман қорында үш түрлі таңбалар қолданылады: босату, кесу және бақылау. 4. Мемлекеттік орман иеленушілер осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша металл балғаға бекітілетін дөңгелек қима тілімдегі бедерлі бейне түріндегі таңбаларды қолданады, бұл ретте таңбаларда мынадай әріптік және сандық белгілері бар сериялық нөмірлер белгіленеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|