|
|
|
«Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы (2022.03.06. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 178-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Мәдени саясат және өнертану институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні мәдениет саласында ғылыми-зерттеу, жобалық және әдістемелік жұмыс, біліктілікті арттыру мен редакциялық-баспа қызметі болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) серіктестіктің жарғысын бекітуді; 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне беруді; 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 999 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |