Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 649 Қаулысымен күші жойылды
«Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 бұйрығын қараңыз
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 502 қаулысымен бекітілген
Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беруді жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу тәртібі
2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ағымдағы және перспективалық ұшқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттіліктерінен туындайтын ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарының барлық типтерінде ұшуға дайындық үшін жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|