Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 765 қаулысымен бекітілген
Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аспаптармен және құрылғылармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) арнайы дайындалған персонал - белгілі бір жабдыққа қызмет көрсету бойынша оқытылған персонал; 2) аспап - электрлендірілген қол аспабы, қауіпсіздікті төмендететін трансформаторлар мен алып жүретін электр қол шамдары; 3) жерге қосу - жерге қосу құрылғылары бар электр қондырғылары немесе жабдықтары желілерінің қандай да бір нүктелерін әдейі электрлі жалғау; 4) жоғары өрмелеу жұмыстары - жерді ң, аралық жабынның немесе жұмыс төсемі бетінен 5 м астам биіктікте орындалатын жұмыстар, олардың бетінде монтаждау немесе жөндеу кезінде тікелей конструкциялармен немесе жабдықтармен жұмыстар жүргізіледі; 5) қауіпсіз аса төмен кернеу - өткізгіштер мен жердің арасындағы 42 Вольттан (бұдан әрі - В) аспайтын номиналды кернеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|