Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы (2013.20.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 Қаулысымен күші жойылды
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 970 қаулысымен бекітілген
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу тәртібін анықтайды. 2. Теле-, радиокомпаниялардың (бұдан әрі - үміткерлер) конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды және міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады. 3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы ретінде Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - ұйымдастырушы) әрекет етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|