|
|
|
«Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасының 51-тармағының 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін үшінші және төртінші бөліктерін қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |