Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы (2015.31.12. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 130-бабының 1-тармағына және 134-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - кәсіпорындар) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына; 2) «Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Алматы қаласындағы әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруға ықпал ететін қызмет кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|