«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2011.25.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тексерілетін субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құзыреттерін қайта қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Мемлекеттік органдар: 1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін. 3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.Р. Әбдірахымовқа жүктелсін.
ҚР Премьер-Министрінің 2011.25.10. № 140-ө Өкімімен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 128-ө өкімімен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|