|
|
|
Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 774 Қаулысымен күші жойылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Энергия аудитін жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1115 қаулысымен бекітілген
Энергия аудитін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Энергия аудитін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия аудитін жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу туралы куәлік - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғалардың энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыру құзыретін куәландыратын ресми құжат; 2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан көп тоннасына барабар көлемде энергетикалық ресурстар тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері; 3) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы - энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |