Осы редакция 2012 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша (2011.01.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Орталық бөлімшесі) мекенжайларының тізбесі осы «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұратын жері бойынша Орталық бөлімшесінің ғимаратында көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 3-бабы 2, 3-тармақтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесінің негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, Орталық бөлімшелерінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|