ҚР Үкіметінің 2014.26.05. № 544 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген
«Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
1. «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі -мемлекеттік қызмет) жоғары оқу орындары жүзеге асырады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтына орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу талаптарына жауап беретін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдік азаматтарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызметті алушылар осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бастап 30 минуттан аспайды; 2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|