ҚР Үкіметінің 2014.26.05. № 544 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген
««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау»
1. ««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18) тармақшасына және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ЖОО-ның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында (www.edu.gov.kz, «Жоғары білім» бөлімінде) орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мемлекеттік грант немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет ЖОО-ның штаттық оқытушысы болып табылатын, конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 20 минуттан аспайды; 2) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш жасаған сәттен бастап - 3 айдан аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|