|
|
|
Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы (2013.10.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 10 қыркүйектегі № 1170 қаулысымен бекітілген
қағидалары
1. Осы Салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеуі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) салалық конструкторлық бюро (бұдан әрі - СКБ) - материалдық-техникалық кешенге иелік ететін, жаңа немесе жетілдірілген тауарлар өндіруді ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне жәрдемдесу үшін технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға; 2) өтініш беруші - жаңа немесе жетілдірілген тауарларды өндіруді әзірлеумен және енгізумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды немесе жеке тұлға; 3) өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш; 4) тауар - СКБ қызметтерін көрсету нәтижесінде алушы дайындауға тиіс зат немесе заттар жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |