ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 702 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Мемлекеттік қызметті: 1) жануарлар дүниесін (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін жануарлардан басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) пайдалануға: аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалануға; жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға; жануарлардың тіршілік ету әрекеттерінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға; аңшылық алқаптарының резервтік қорында аңшылық жүргізуге рұқсат беру кезінде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет); 2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделмеген жағдайларда заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтіндерден басқа балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде Комитеттің осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - 1-инспекциялар); 3) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары (заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде мекендейтін балық ресурстары мен басқа да су жануарларынан басқа) бөлігінде жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылық комитетінің осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - 2-инспекциялар) көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|