Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 656 Қаулысымен күші жойылды
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1117 қаулысымен бекітілген
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді. 2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы (бұдан әрі - энергия тиімділігі сыныбы) - үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтынудағы үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|