ҚР Үкiметiнiң 2014.28.02. № 166 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1128 қаулысымен бекітілген
1. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасының негізінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу және толықтыру шеңберінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат: 1) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсындағы «Мемлекетік қызметтер» деген бөлімде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|