Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы (2011.04.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін: 1. «Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру»; 2. «Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу»; 3) «Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу»; 4) «Шағын өлшемді кемелерді мемлекеттік тіркеу»; 5) «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу»; 6) «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 17-бабының, «Қазақстан Республикасы су қоймаларында шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы № 172 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 618 нөмірмен тіркелген) бекітілген Кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжай бойынша орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету: а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 10 жұмыс күні; б) мемлекеттік қызметті алуға (тіркелу сәтінен бастап) жүгінген сәттен бастап - 10 жұмыс күні; 2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды; 3) уәкілетті органда шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; 4) ХҚКО-ға жүгінген кезде: құжаттарды ресімдеу мерзімі уәкілетті органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды; шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады. 1) уәкілетті органға жүгінген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 2) ХҚКО-ға жүгінген кезде: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күні. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады: 1) шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш; 2) кеме жүргізушілерді дайындауды жүзеге асыратын оқу ұйымдары беретін әуесқой кеме жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны туралы куәлік; 3) өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтама (№ 083/У нысанындағы); 4) 3x4 см өлшемдегі 3 сурет. 12. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның қызметкері береді, сондай-ақ ол ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады. 13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне немесе ХҚКО-ға тапсырылады. 14. Уәкілетті орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттарды тапсырған тұтынушыға уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері қағаз тасығышта емтихан парағын береді. 15. Шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлікті уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері тұтынушыға шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беру журналына қол қойдырып береді. ХҚКО-да шағын өлшемді кемені басқару құқығына куәлік беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады. 16. Шағын өлшемді кемені басқару құқығына емтихандарды тапсыра алмау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар тиісті ресімделмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебін жазбаша негізден тұтынушыға қайтарады. Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздеме береді. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері түсіндіреді. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлері түсіндіреді. 21. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (7172)24-27-08 мекенжайы бойынша беріледі. Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30). ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергілікті атқарушы органға беріледі. 22. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ ХҚКО арқылы балама негізінде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес түскі үзіліспен 5 күндік жұмыс аптасын құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз аптасына 6 күн. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына беріледі. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым ерікті нысанда жазылады. 25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің сенім телефоны: 24-29-09.
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының жұмыс регламенті
«Шағын өлшемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру» мемлекеттік 4-қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні |