Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері
Осы редакция 2012 жылғы 10 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) ғимараттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, автокөлік және шаруашылық қызмет көрсету қызметін негізгі мәні етіп айқындай отырып, серіктестіктің жарғысын бекітсін; 2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Серіктестіктің мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын берсін; 4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 520 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде реттік нөмірі 44-6-жол алынып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|