ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 676 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 1241 қаулысымен бекітілген
«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» (2013.21.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мынадай мекенжай бойынша көрсетіледі: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-ші кіреберіс, № А757 кабинет. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 1-бабының 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысымен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізудің қағидаcы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша; 2) уәкілетті органдағы стенділерде орналасқан. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі куәландырушы орталықты аккредиттеу және қағаз тасығышта куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) Осы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін уәкілетті органға мемлекеттік қызметті алушы берген сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|