«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тарату туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1313 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікке қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Алматы қаласы» деген бөлімдегі: реттік нөмірі 123-114-жол алынып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|