«Қазконтент» акционерлік қоғамы акцияларының пакетін жеке меншіктен республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша қабылдауды келісу туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
«Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының «Қазконтент» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының пакетін республикалық меншікке сыйға тарту шарты бойынша беру туралы ұсынысын қабылдауға келісім берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын; 2) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне беруді қамтамасыз етсін. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|