Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын. 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып айқындалсын. 3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) серіктестіктің жарғысын бекітуді; 2) серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне беруді қамтамасыз етсін. 6. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін. 7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша үлес ретінде енгізу жолымен берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|