|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі. Мемлекеттік қызметті алушының неке (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуге өтініш беру бөлігінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған ретте «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы да көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 238-247-баптарының, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 537-бабының, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стендтерде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде; 4) порталда орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталық ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) уәкілетті органда: некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгішпен беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында немесе қағаз жеткізгішпен дәлелді жауап беру болып табылады. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға қағаз жеткізгішпен құжат берген уәкілетті адамның қолымен бекітілген енгізілген түзетулерімен, толықтырулармен және өзгерістерімен қағаз жеткізгіштегі жаңа куәлік беріледі не мемлекет қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы электронды нысанында құжат немесе қағаз жеткізгіш дәлелді жауап беріледі. 2) орталықта: некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгішпен беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелді жауап беру болып табылады; енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен құжатты берген уәкілетті тұлғаның қолтаңбасымен бекітілген қағаз жеткізгішпен жаңа куәлік беру не электронды құжат нысанында дәлелді бас тарту туралы жауап беру болып табылады. 3) порталда: некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электронды нысандағы өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) уәкілетті орган арқылы жүгінген кезде: сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кеткен деп немесе жан күйзелісі сырқатының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету сот шешімінің негізінде 2 жұмыс күнінің ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) көрсетіледі. Осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі, қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті алушыға хабарландырыла отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) ұзартылады. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некесін бұзуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету күнтізбелік 30 күннің ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) қаралады. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу жөніндегі мемлекеттік қызмет күнтізбелік 15 күннің ішінде көрсетіледі, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі, қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті алушыны хабарландырыла отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. 2) орталыққа жүгінген кезде: сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кеткен деп не жан күйзелісі сырқатының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету сот шешімінің негізінде 2 жұмыс күнінің ішінде (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) көрсетіледі. Кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некесін (ерлі-зайыптылығын) бұзуын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету күнтізбелік 30 күннің ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді) қаралады. Осы стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылады, басқа органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушыны хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. Өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу жөніндегі мемлекеттік қызмет күнтізбелік 15 күннің ішінде көрсетіледі, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі, қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік қызметті алушыны хабарландырыла отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады. мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы жүгінген жерде, сол күні мемлекеттік қызмет көрсетуді алғанға дейінгі кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы жүгінген жерде, сол күні алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға электрондық сұрау салынған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы жүзеге асырылады. 9. Уәкілетті мемлекеттік органның жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен ұсынылады. Орталықтың жұмыс кестесі: мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сай үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20. 00 дейін. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Мобильдік орталықтар бекітілген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. 10. Уәкілетті органның үй-жайында мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттері болады. Кабинеттерге толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрған жері бойынша орталықтың ғимаратында да көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күтушілерге арналған креслолар, толтырылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар не оның уәкілеттік берген өкілі уәкілетті органға немесе орталыққа: сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес); 2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің көшірмесі; 3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат; кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некесін бұзуын тіркеу үшін: белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес); 2) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік; 3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кеткен немесе жан күйзелісі сырқатының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен, не қылмыс жасағаны үшін үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес); 2) сот шешімінің немесе үкімнің көшірмесі; 3) неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік; 4) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 5) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат; өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізу үшін: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес); 2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы тіркеу анықтамасын; 3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат; Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады. Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен берілген мәліметтері бар құжаттардың түпнұсқалығын тексеріп, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыға қайтарады. Мемлекеттік қызметті алушы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде порталда: кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некесін (ерлі-зайыптылығын) бұзуын тіркеу үшін: 1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында сұрау салу; 2) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; 3) мемлекеттік қызметті алуышының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу куәліктерін, егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қолтаңбасы қойылған электронды құжат нысанында алады. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтері 2008 жылға дейін жүргізілген болса,құжаттың сканерден өткізілген көшірмесі электронды сұрау салуға қоса тіркеледі. 12. Өтініштің үлгісі порталда, сондай-ақ Министрліктің Интернет-ресурсында: www.minjust.kz («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімі «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты» кіші бөлімі) немесе мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналасқан. Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залының арнайы тағанында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналасады. Порталға жүгінген кезде сұрау салуды электрондық құжат нысанында толтыру қажет. 13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады. Мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орталықтарда құжаттарды қабылдау «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. 14. Тиісті құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алушыға: 1) сұрау салуды қабылдаған күні; 2) қоса берілген құжаттардың саны; 3) құжаттарды беретін күні мен уақыты; 4) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған маманның тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. орталыққа жүгінген кезде: 1) сұрау салудың нөмірі мен қабылдаған күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет көрсету түрі 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беретін күні (уақыты); 5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, есімі, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Порталына жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға, порталдағы «жеке кабинетке» хабарлама - мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алған күні және уақыты көрсетілген сұрау салуды қабылдағаны туралы есеп жіберіледі. 15. Дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызметті алушы өтінішпен келген кезде онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді орталықтың инспекторы «терезе» арқылы онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүзеге асырады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің нәтижесі туралы «жеке кабинетке жіберіледі. 16. Уәкілетті орган осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Тапсырған құжаттары толық болмау фактісі анықталған жағдайда (оның ішінде міндетті жолдар толтырылмағанда) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар берілген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша дәлелді бас тарту беріледі. Уәкілетті органдағы құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді. Егер мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде жүгінбеген жағдайларда орталық оның 1 ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді де, содан соң оны уәкілетті органға қайтарады. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызметті алушы жазбаша түрде уәкілетті органнан, не порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат нысанында алады.
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 6-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беру тәртібіне түсіндірме және шағымды әзірлеуге жәрдем алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа және портал арқылы жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны (1414) не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына жұмыс күндері, 13.00-ден 14. 30-ға дейін түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына жұмыс күндері, 13.00-ден 14. 30-ға дейін түскі үзіліспен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталық көрсеткен мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефонды осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК атына беріледі. 22. Орталық қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 23. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не осы стандарттың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Шағымға уәкілетті органдар ұсынған сапасыз мемлекеттік қызмет көрсетуді растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Шағымдардың уәкілетті органда пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Өтінішпен қолма-қол жүгінген жағдайда шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қараудың нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды орталықтың кеңсесінде немесе «Орталық» РМК-да тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қараудың нәтижелері туралы пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Портал арқылы электронды өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттегі» мемлекеттік қызметті алушыға өтініші туралы мемлекеттік органда қаралу барысында жаңаланып отыратын ақпаратына (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде қаралады. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. 26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы,43 үй, телефоны: 77172- 94-99-95, интернет ресурс: www.con.gov.kz
«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |