Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптар қағидаларды бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 бұйрығымен2019 ж. 11 сәуірден бастап күші жойылды
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 5-бабы 2-тармағы 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу қағидасы; 2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшыларға және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар және өлшем құралдарын салыстырып тексерушілерге аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 313 (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5964 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдары актілерінің жинағында, 2010 жылы, қаңтарда, жарияланған, 2010 жылғы 11 наурыздағы № 36 «Заң газетінде» жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|