ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.21.07. № 18-03/680 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығына 4-қосымша
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік іс жүргізу туралы» Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сай әзірленген. 2. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - заңды және жеке тұлғаларға рұқсат беру қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) жануарлар әлемін пайдалануға. 3. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: 1) жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру кезінде (балық ресурстары мен басқа су жануарларын қоспағанда, су объектілерінде мекендейтіннен басқа, заңды тұлға мәртебесімен айырықша қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетіне (бұдан әрі - Комитет), мекенжай бойынша орналасқан: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Әкімшілік ғимараты «Министрліктер үйі», 5 кіреберіс: аң аулау және балық аулау объектілеріне жатқызылмайтын жануарларды шаруашылық мақсатта пайдалану; жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік және эстетикалық мақсатта пайдалану; жануарлардың тіршілік қызметінде өнімдерді және пайдалануы мәнінде қолданылуы; аң аулау алқаптарының резерв қорындағы аңаулау өндірісі; 2) балық ресурстары мен басқа су жануарларын қоспағанда, су объектілерінде мекендейтіннен басқа, заңды тұлға мәртебесімен айырықша қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру кезінде, осы тармақтың 1) тармақшасы қарастырылмаған жағдайда, стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген, мекенжай бойынша орналасқан, Комитеттің аумақтық инспекцияларымен (бұдан әрі - Инспекция 1); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|