|
|
|
Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2013.23.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Кулекеев Б.К.) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Жуанышпаева Ә.Т.) бірлесе отырып: 1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасарына (Әзілханов М.А.) жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығымен бекітілген
Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық
1. Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеудің осы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу тәртіптерін айқындайды (бұдан әрі - сарапшылар). 1) діни қатынастар мәселелері саласындағы жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар; 2) діни қатынастар мәселелері саласында жұмыс тәжірибесі (бір жылдан кем емес) бар; 3) нысандарды зерттеудің алдыңғы қатарлы әдістемелерін жұмыста қолдануда және халықаралық тәжірибені ескеруде тәжірибелік дағдысы бар, талдау жасай білетін және негізделген қорытындылар жаза алатын; 4) діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білетін тұлғалар жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |