|
|
|
Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрлігінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 369 бұйрығымен күші жойылды
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңының 7-бабының 1-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптар) бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы № 434 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4489 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2007 жылғы 12 қаңтарда № 5 (1208) жарияланған); 2) «Міндетті аудит жүргізу жөніндегі аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 3 қарашадағы № 434 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 6 жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті Қаржылық есептілік депозитарийға тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың тізімін, оны одан әрі орналастыруды және мерзімдік жаңартуды қамтамасыз ете отырып, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастыруды жүзеге асырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |