Қазақстан Республикасының (2012.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заңды іске асыру жөніндегі шаралары туралы ҚР Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 желтоқсандағы № 282-ө Өкімін қараңыз
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-баптың 2-тармағын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілсін.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды 1-1-бап. Егер заңды тұлға 2009 жылғы 1 тамыздан кешіктірмейтін мерзімде өзі орналасқан жер бойынша және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген жері бойынша салық органына жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін оларды дербес төлеушілер ретінде қарауға шешім қабылдау туралы хабарлаған жағдайда, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері 2009 жылы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияға төлемақы үшін дербес төлеушілер болып танылады деп белгіленсін. Бұл ретте, осы бапқа сәйкес осындай төлемдерді дербес төлеушілер ретінде танылған заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей салық қызметі органдарына салық есептілігін жасау және табыс ету, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы осындай заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-2-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-2-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабына сәйкес топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын немесе топтың (кіші топтың) тиісті құндық теңгерімін қалыптастыратын 2008 жыл ішінде жүргізілген негізгі құралдарды жөндеуге арналған шығыстар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 113-бабында белгіленген тәртіппен 2009 жылдың басына тіркелген активтер тобының (кіші тобының) тиісті құндық теңгерімін ұлғайтады немесе қалыптастырады деп белгіленсін.
2-бап. 2009 жылғы 1 қаңтардан 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде асып кеткен қосылған құн салығы: шағын бизнес субъектілеріне; шаруа және фермер қожалықтарына; ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен ауылдық тұтынушылар кооперативтері үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүргізетін салық төлеушіге; 2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 267-бабының ережелерін қолданатын салық төлеушіге; 3) қосылған құн салығының асып кеткені тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінен аспайтын салық төлеушіге қайтарылмайтыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 273-бабы 5-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3-бап. Электронды түрде салық есептілігін беру күні тоқтатыла тұру кезеңінде хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесі серверіне дейін салық есептілігін жеткізу туралы хабарлама күнінен есептеу белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексінің) 584-бабының 2-тармағы 3) тармақшасының және 4-тармағының қолданылуы 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Салық қызметі органдары хабарларды кепілдік беріп жеткізуді қамтамасыз ететін көлік жүйесінің серверіне дейін салық есептілігі жеткізілген кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 99-бабы 1-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын: «1. Салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысынан: 1) тәуекелдi инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдi инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтiндi қоспағанда, дивидендтер; 2) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алған банктердiң мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 3) Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы; 4) жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры өздерiнiң өтелген депозиттер мен төленген кепiлдiктi және өтемақы төлемдерi бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы; 5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жiберiлген инвестициялық табыстар; 6) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн ұлғайтуға бағытталған инвестициялық табыстар; 7) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар; 8) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендiру мәмiлесi бойынша арнайы қаржы компаниясы алған, борышты талап ету құқығын басқаға беруден алынған табыстар; 9) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табыс; 10) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры мақта өңдеу ұйымдарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы; 11) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алатын жыл сайынғы мiндеттi жарналардың сомасы; 12) мақта (астық) қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры кепiлдiк төлемдерiн жүзеге асыру жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алатын ақша сомасы; 13) инвестициялық депозиттер түрiнде алынған ақшаны басқару процесiнде ислам банкi алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына жiберiлген және соларда болатын табыстар алып тасталуға жатады. Мұндай табыстарға ислам банкінің сыйақылары қосылмайды; 14) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржылық компаниясы алған борышты талап ету құқығын беруден түсетiн табыстар; 15) сот бекiткен, банктi қайта құрылымдау жоспарындағы қайта құрылымдалатын активтер мен мiндеттемелер тiзбесiне енгiзiлген банк мiндеттемелерiн кредитордың есептен шығаруынан түскен табыстар алып тасталуға жатады. Осы тармақшаның ережелерi: банк кредиторларының мүддесiн қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы заңнамасына сәйкес дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке, және (немесе) Қазақстан Республикасының резидент банкi болып табылатын осындай банктiң еншiлес ұйымына, және (немесе) банк секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дауыс беретiн акцияларының 50 проценттен астамын дауыс беру құқығымен ұлттық басқарушы холдинг кепiлге қабылдаған банкке қолданылады. 16) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды (алуға жататынды) өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.»
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-2-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) 3-2-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 133-бабы 2-тармағының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын: «2. Салық төлеушiнiң мынадай табыс түрлерiне: 1) негiзгi құралдардың, жылжымайтын мүлiкке инвестициялардың, биологиялық активтердiң қаржы лизингi бойынша сыйақыға; 2) осындай сыйақыны есептеу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыға; 3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақыларға және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға; 4) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрiнде алынған және мақсатты пайдаланылған мүлiктiң құнына; 5) республикалық мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсiпорыннан Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде өтеусiз негiзде алған негiзгi құралдардың құнына; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның немесе консорциумның акцияларын (қатысу үлестерiн) өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар. Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткізу күнiне жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар) болып табылмайтын тұлғаның (тұлғалардың) мүлкiн құраған жағдайда, осы тармақша қолданылады; 7) өткізу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткізу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстарға; 8) салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi кезіндегі тiркелген активтердiң шығып қалуынан түсетiн табыстарға салық салынатын табысты азайтуға құқығы бар. Осы тармақшада көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 3-3-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-3-бап өзгертілді 3-3-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 248-бабының қолданылуы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын: «248-бап. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар Қазақстан Республикасы өткізу орны болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi: 1) почта төлемақысының мемлекеттік белгiлерiн; 2) акциздiк маркаларды (осы Кодекстiң 653-бабына сәйкес акцизделетiн тауарларды таңбалауға арналған есепке алу-бақылау маркаларын); 3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтер көрсетудi; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiктi; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге немесе мемлекеттік кәсiпорынға өтеусiз негiзде берiлетiн негiзгi құралдарды, жылжымайтын мүлiкке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтердi; 6) жерлеу бюроларының салт-жора қызметтер көрсетуiн, зираттар мен крематорийлердiң қызметтер көрсетуiн; 7) лотереяларды тарату жөніндегі қызметтер көрсетудi қоспағанда, лотереялық билеттердi; 8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызметтер көрсетудi қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетудi; 9) кеден одағының кедендік аумағына кедендік аумақта өңдеу кедендік рәсімінде әкелінген тауарларды өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызметтер көрсетудi; 10) осы Кодекстiң 244 және 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетудi, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның iшiнде почтаны, тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызметтер көрсетудi, сондай-ақ транзиттiк жүктердi; техникалық және аэронавигациялық қызметтер көрсетудi, әуежай қызметiн, халықаралық рейстерге теңiз айлақтарындағы қызметтер көрсетудi; 11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызметтер көрсетудi; 12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын; 13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе: осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса; мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бiрлестiктер мен ұйымдардың сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетiн тауарларды өндiру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, көрсетiлетiн қызметтерiн; 14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берiлетiн үйдiң үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетудi; 15) егер мәмiле шарттарында салық төлеушiнiң өткiзген тауарларының, жұмыстарының, қызметтерiнiң сапасына кепiлдiк беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәмiледе белгiленген кепiлдiк мерзiмi кезеңiнде, олардың қосалқы бөлшектерi мен бөлшектерiнiң құнын қоса алғанда, оларды өтеусiз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызметтер көрсетудi; 16) тазартылған қымбат бағалы металдарды - өз өндiрiсi шикiзатынан дайындалған алтынды, платинаны; 17) осы Кодекстiң 411 және 420-баптарында аталған қызмет түрлерi бойынша қызметтер көрсетудi; 18) осы Кодекстiң 249 - 254-баптарында аталғандарды; 19) нотариаттық iс-әрекеттердi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетудi; 20) мыналар: ұлттық басқарушы холдинг; дауыс беретiн акцияларының 100 процентi ұлттық басқарушы холдингке тиесiлi заңды тұлғалар төлемдiк, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. Аталған заңды тұлғалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi; 21) бажсыз сауда кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады. 22) Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға (көмек көрсетуге) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен көрсетілетін резидент еместің қызметтер көрсетуі қосылған құн салығынан босатылады. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша мемлекеттік кепiлдiк жөніндегі мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөніндегі мiндеттемелердi орындау есебiне мүлiктi мемлекеттік меншiкке беруi қосылған құн салығынан босатылады. Осы бөлiкте көрсетiлген салық төлеушiлер мен мүлiк тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-4-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-4-бап. Тоқтата тұру кезеңінде бұл тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 87-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының қолданысы 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрсын: «1) мыналарды: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн сатып алынған активтердi; Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша салық төлеушінің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындау есебіне мүлкін мемлекет меншігіне беруді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтердi өткізу. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салық төлеушілер мен мүліктің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 4-бап. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 5-бап. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 6-бап. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара) 7-бап. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 426-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезеңінде көрсетілген баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды: біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін; патент негізіндегі арнаулы салық режимін; оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қамтиды;».
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 428-бабы 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңiнде көрсетiлген баптың 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгiленсiн: «1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептеме берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы: 1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп; 2) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi; 3) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi; 4) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi. Осы Заңның 36-бабының 1-тармағында көрсетілген, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салықтық есептеме берудiң төменде көрсетiлген тәртiптерiнiң бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы: 1) бiржолғы талон негiзiндегi арнаулы салық режимi; 2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-1-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабының 3-тармағы 3) және 4) тармақшаларының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-ІV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды; 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-2-бап. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және ауылдық тұтыну кооперативтері үшін 2011 жылы арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті беруді салық төлеуші ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына табыс етеді деп белгіленсін. Бұл ретте көрсетілген арнаулы салық режимін қолдану құқығы, осы Заңның 9-1-бабының ережелері ескеріле отырып, салық төлеуші «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 448-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келген айдың 1 күнінен бастап туындайды.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Көрсетілген баптың 1-тармағының тоқтатыла тұруы кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 645-бабының 1-тармағының қолданылуы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Осы баптың ережелері: 1) жеке нотариаттық қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың; 2) мыналарға: шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін біржолғы талон немесе патент негізінде жүзеге асыратын; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсiпкерлердiң (акцизделетiн тауарларды өткізушiлерден басқа) ақшалай есеп айырысуларына; 3) уәкілетті органмен келісім бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысанда билеттер беретін қалалық қоғамдық көліктегі тасымалдар бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі ақшалай есеп айырысуға қолданылмайды.
|