Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi (2012.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 4 желтоқсанда және 24 желтоқсанда, 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темір жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын. 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 6. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн; ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көлік, коммуникация, байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті, Байланыс және ақпараттандыру комитеті, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1. 9. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері: 1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) көлік және коммуникация, байланыс, ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен 5-10) тармақшамен толықтырылды 5) байланыс саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, байланыс саласындағы қызметтерді ұсынатын немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; 6) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу мен іске асыру және қызметті мемлекеттік реттеу; 7) почта байланысы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру, почта операторларының қызметін мемлекеттік бақылау, үйлестіру және реттеу; 8) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда телекоммуникация мен почта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысу және іске асыру әрі мемлекеттік реттеу және бақылау; 9) гендерлік теңдік қағидатын сақтау; 10) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады. ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 414 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.11.03. № 314 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.20.11. № 1466 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) көліктің барлық түрлерін және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты, сондай-ақ гендерлік теңдік саясатын қалыптастырады және жүргізеді; 2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді; 3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) келісімдер мен шарттар жасау құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республиканың мүдделерін білдіреді; 5) көлік және коммуникация саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауды жүзеге асырады; 6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды; 7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы ұлттық стандарттарды әзірлеуге қатысады; 8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 9) тікелей аралас тасымалдар туралы қағидаларды бекітеді; 10) автомобиль көлігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз), нөмірлі омырау белгілерінің, қызметтік куәліктің үлгілерін бекітеді; 11) Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларын әзірлейді; 12) тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін белгіленген тәртіпке сәйкес бекітеді; 13) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін айқындайтын заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын әзірлейді; 14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбелерін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлейді; 15) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешім қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалар басшылыққа алатын ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекітеді; 16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындайды; 17) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді; 18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді; 19) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектронды құралдарын тіркеу және пайдалану қағидаларын әзірлейді; 20) қолда бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді; 21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының дамуын мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асырады; 22) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық жолдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекітеді; 23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын әзірлейді; 24) жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін әзірлейді; 25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын айқындайды; 26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзет алып жүруге тиіс жүктердің тізбесін бекітеді; 27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби үздік белгісімен марапаттау тәртібін бекітеді; 28) экспедиторлар қызметін ұсыну тәртібін айқындайды; 29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін айқындайды; 30) локомотивтік тартқыш қызметін ұсыну тәртібін айқындайды; 31) тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара технологиялық іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді; 32) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистралдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді; 33) табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді; 34) кірме жолдарды пайдалану қағидаларын бекітеді; 35) күзет аймағындағы жерлердің көлемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану қағидаларын бекітеді; 36) тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 37) жұмыс режиміне қойылатын талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу тәртібін айқындайды; 38) поездардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды айқындайды; 39) жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүруінің тәртібі мен шарттарын айқындайды; 40) лауазымдар (кәсіптер) тізбесін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби даярлық деңгейін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарын айқындау тәртібін белгілейді; 41) тасымалдаушының және магистралдық темір жол желісі операторының қарамағындағы күзетілуге тиіс темір жол көлігі объектілерінің тізбесін бекітеді; 42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін айқындайды; 43) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның және ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша әуе трассаларының және жергілікті әуе желілерінің тізбесін бекітеді; 44) азаматтық және эксперименттік авиацияның аттестатталуға жататын авиация персоналының лауазымдары мен кәсіптерінің тізбесін әзірлейді; 45) азаматтық авиацияның авиация персоналының киім үлгісін кию және айырым белгілерін тағып жүру қағидаларын бекітеді; 46) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар мен қону алаңдарының пайдалануға жарамдылығын айқындау қағидаларын бекітеді; 47) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаны бекітеді; 48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді; 49) авиабағыттарды пайдалану шарттарын айқындайды; 50) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 51) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын бекітеді; 52) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулықтарды бекітеді; 53) азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон байланысында пайдаланатын белгілі бір көлемдегі ағылшын тілін білуіне қойылатын талаптарды бекітеді; 54) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілер персоналы санының үлгі нормативтерін бекітеді; 55) әуежайды пайдаланушының бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге біліктілік талаптарын бекітеді; 56) әуежайлар және аэронавигация салаларында қызмет көрсететін субъектілердің шикізат пен материалдар шығындарының, техникалық шығындарының үлгі нормаларын бекітеді; 57) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді; 58) әуе кемелерін есептен шығару қағидаларын бекітеді; 59) Қазақстан Республикасының әуежайларында әуе кемелеріне қызмет көрсету үшін уақытша интервалдарды бөлу қағидаларын бекітеді; 60) Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша халықаралық ұшуларға қызмет көрсетуге рұқсат берілген әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізеді және уақытша әкімшілікті қалыптастырады; 61) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбелерін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 62) азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелетін танылым және қосымша белгілерін салу қағидаларын және көрсетілген белгілердің сипаттамасын бекітеді; 63) Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық авиамаршруттарындағы тұрақты рейстердің кестесін бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекітеді; 64) азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындық қағидаларын бекітеді; 65) субсидияланатын маршруттарда ұшуды орындаған кезде Ұшу сағатының өзіндік құнын есептеу нұсқаулығын бекітеді; 66) азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекітеді; 67) әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өту құқығына арналған рұқсаттамалардың түрлері мен нысандарын бекітеді; 68) халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекітеді; 69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; 70) теңіз портының капитанын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады; 71) Мемлекеттік кеме тізілімінің, Жалға алынған шетелдік кемелер тізілімінің және кеме кітабының нысандарын бекітеді; 72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекітеді; 73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің үлгілері мен көлемдерінің тізбесін бекітеді; 74) кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарды әзірлейді; 75) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік бақылау және қадағалау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, сондай-ақ оны киіп жүру тәртібін бекітеді; 76) ішкі су жолдары мен шлюздердің кеме жүретін жағдайда ұсталуын қамтамасыз етеді; 77) ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын кемелермен болатын көліктік оқиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу қағидаларын әзірлейді; 78) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру және кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстыру туралы шешім қабылдайды; 79) кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібін әзірлейді; 80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; 81) кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларын бекітеді; 82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды әзірлейді; 83) ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын әзірлейді; 84) сатылатын жүктерді есепке алу және олар үшін есеп айырысу тәртібін әзірлейді; 85) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу қағидаларын әзірлейді; 86) кемелердің портқа кіру және порттан шығу, кемелердің порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегінде жүзуі қағидаларын әзірлейді; 87) нысанды киім (погонсыз) берілетін теңіз көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) және айырым белгілерінің үлгілерін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін бекітеді; 88) кеме атауын беру және өзгерту тәртібін айқындайды; 89) белгі беру дабылын және спутниктік байланыстағы кеме станциясының сәйкестендіру нөмірін беру тәртібін айқындайды; 90) кеме құжаттарының тізбесін, нысандарын және кеме құжаттарын жүргізу қағидаларын әзірлейді; 91) кемелермен болған апаттық жағдайларды тергеу қағидаларын әзірлейді; 92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілейді; 93) тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтатудың немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілейді; 94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды куәландыру тәртібін бекітеді; 95) Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыруды және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастырады, оның жұмыс істеу сапасын, қолжетімділігін және орнықтылығын арттырады; 96) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкімет» қалыптастыруда халықаралық ынтымақтастықты дамытады; 97) Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және қорғайды; 98) халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілікті халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады; 99) Қазақстан Республикасының пошта әкімшілігі ретінде басқа мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың пошта әкімшіліктерімен өзара іс-қимыл жасауда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктері шегінде пошта байланысы саласындағы Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді және қорғайды; 100) байланыс саласында және ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; 101) ақпараттандыру саласында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 102) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды; 103) ақпараттандыру саласында техникалық регламенттерді әзірлейді; 104) электрондық қызметтер нарығының жұмыс істеуіне жағдай жасайды; 105) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 106) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады; 107) «электрондық үкіметті» қалыптастыруды және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамытуды, Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 108) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлейді және бекітеді; 109) Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 110) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды және ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 111) ақпараттандыру саласында ақпараттық жүйелерге, инвестициялық жобаларға және бағдарламаларға аудит жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 112) телекоммуникацияның бірыңғай желісін, Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланымдағы телекоммуникация желілерін құру тұжырымдамасын әзірлейді және қабылдайды; 113) пайдалануға және шетелден әкелуге рұқсат берілген радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың тізбесін бекітеді; 114) радиоэлектронды құралдарды, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ шетелден әкелу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 115) Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын әзірлейді; 116) қорғау аймақтарын белгілеу және ондағы жұмыс режимінің тәртібін әзірлейді; |