Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 395 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін. 3. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 қаулысымен бекітілген
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|