|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті таратылсын. 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымында: 1-бөлімде: реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын: «1. Зерттеулер және стратегия департаменті»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын: «1-1. Статистика департаменті; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын: «9-1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын және исламдық қаржыландыруды дамыту департаменті»; реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын: «14. Қаржылық департамент»; реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын; 5-бөлімде: реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті». 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |