|
|
|
Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын заңды тұлғалар үшiн өнеркәсiптiк жеңiлдiктер беру қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1154 Қаулысымен күші жойылды
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi төмен елдi мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды iске асыратын заңды тұлғалар үшiн өнеркәсiптiк жеңiлдiктер беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 61 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға өнеркәсіптік жеңілдіктер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекендерде инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктерді беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда қолданылатын терминдер мен анықтамалар: 1) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |