Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері (2012.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес ұйымдар қайта аталсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқығы берілсін. 5. Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 244 қаулысына 1-қосымша
Қайта аталатын кәсіпорындардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|