Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2012.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті; 3) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып; 4) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне берілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|