|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 және «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1086 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 600-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінде: 18-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген қызмет бөлігінде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету құқығына арналған тиісті лицензиялардың нотариалды куәландырылған көшірмелері не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензия.»; 22-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;»; 51-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;»; 87-1-тармақтың 1) тармақшасында: үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;»; 87-2-тармақтың 1) тармақшасында: төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «лицензияның не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін бермеу;»; мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын: «лицензияны электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде берген кезде, мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтердің болмауы;»; 317-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;»; Ережеге 3-қосымшада: 11-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;»; Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2) «Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 50, 678-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларында: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «18. Ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілер электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер беретін соңғы күнге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей, ал электрондық конкурсты қайтадан жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізілетін электрондық конкурс туралы хабарландыруды, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттаманы веб-портал арқылы жариялайды.»; 41-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «41. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде әлеуетті өнім берушілерге электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушылар деп таниды).»; 46-тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші және бесінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелерін бермеу; құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтай құжаттарынан үзіндінің электрондық көшірмесін не электрондық конкурс жарияланған күнінен кейін берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің қол қойылған және белгіленген тәртіппен мөрмен расталған электрондық көшірмесін бермеу; электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);»; 47-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу; электрондық конкурс жарияланған күнінен ерте емес берілген, конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);»; 10) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын; 11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуетті өнім берушілерді анықтау, ал жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін өтінімді қамтамасыз етуді қарауы;»; 123-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын; 124, 125 және 126-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «124. Аукциондық комиссияның өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарауы және анықтауы. 125. Аукциондық комиссия мынадай: 1) аукционға қатысуға өтінімді банктік кепілдік түрінде ұсынылған қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған; 2) аукциондық комиссияға: аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны; оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы; банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын; аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны; пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген; 3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген; 4) аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды. 126. Аукциондық комиссия өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестігі туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы өтінімдердің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға рұқсатты автоматты түрде береді.»; 133-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтінінде «тауар» деген сөз «жұмыс» деген сөзбен ауыстырылсын; 149-тармақтың 1) тармақшасында: үшінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжат түріндегі лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және сатып алынатын тауарларды, орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және іске асыруға арналған өнім берушінің құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбау;»; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді ұсынбау;»; 150-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;»; 156-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «156. Электрондық конкурстың немесе аукционның жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелерін веб-порталда электрондық конкурстың немесе аукционның қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.»; Қағидаларға 1-қосымшада: 9-тармақта: 1) тармақшаның бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «1) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған қағаз электрондық көшірмелерін не электрондық құжаттарды:»; 3) және 6) тармақшалар алынып тасталсын; 42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «42. Электрондық конкурстың жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін веб-порталда электрондық конкурстың қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.»; аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшада: алтыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын: «Аукционның жеңімпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасы жарияланған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде аукционға қатысуға өз өтінімімізге қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін беруге міндеттенеміз.»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 3-қосымшада: алтыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын: «Электрондық конкурстың жеңімпазы болып анықталған жағдайда веб-порталда электрондық конкурс қорытындыларының хаттамасы жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық конкурсқа қатысуға өз өтінімімізге қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін беруге міндеттенеміз.»; аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде аукционда сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 4-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жыл ішінде конкурста сатып алынатындарға ұқсас орындаған жұмыстарының (көрсетілген қызметтерінің) көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).»; Қағидаларға 5-қосымшада: 8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «1) әлеуетті өнім беруші өзінің жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжаттарды:»; 21-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 22, 23 және 24-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «22. Аукциондық комиссияның өтінімді қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарауы және анықтауы. 23. Аукциондық комиссия мынадай: 1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі жеткіліксіз болған; 2) аукциондық комиссияға: аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны; оған қатысу үшін банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың атауы; банктік кепілдік түрінде ұсынылған аукционда қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын; аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны; пайдасына аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жоқтығынан көрінетін аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген; 3) аукциондық өтінімді қамтамасыз етуді аукционға бөлінген соманың бір пайызынан кем мөлшерде енгізген; 4) аукционға қатысу өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етуді аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды. 24. Аукциондық комиссия өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған өтінімді қамтамасыз етудің аукциондық құжаттамаға сәйкестігі туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы өтінімнің бірінші бөлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерін ашуға рұқсатты автоматты түрде береді.»; 31-тармақтың екінші бөлігінің мемлекеттік тілдегі мәтінінде «тауар» деген сөз «жұмыс» деген сөзбен ауыстырылсын; 51-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;»; 52-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;»; 59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «59. Аукционның жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады;»; аукциондық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он жыл ішінде берген (өндірген), аукционда сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 5-қосымшада: 2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он жыл ішінде берген (өндірген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).»; конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 9-қосымша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1618 қаулысына қосымша
Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетіннің (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетілciн) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.
Күні ____________ Қолы ____________
М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |