Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 266 қаулысымен бекітілген
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру ережесі
1. Осы Ереже «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды беру тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар (бұдан әрі - мемлекеттік стипендиялар) Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған, шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстанның мәдениетін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан дарынды шығармашыл жас қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында жыл сайын беріледі. 3. Шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары мәдениет саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухат пен шығармашылық мінездемені жолдайды. 4. Мемлекеттік стипендиялар алуға мыналар: Қазақстанның халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары болып табылатын; жаңа туындылар жасау және қазақ мәдениетіне үлес қосу үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады. 5. Мемлекеттік стипендияны мәдениет саласындағы уәкілетті орган жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді. 6. Комиссияның мемлекеттік стипендиялар беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссия отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Егер комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысса, отырыс заңды деп саналады. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Үкіметінің 2007 жылғы»4 сәуірдегі № 266 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 24, 288-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1376 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 482-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 мамырдағы № 812 және 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1370 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 567-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 173 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 94-құжат). 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 236-құжат).
|