Қазақстан Республикасы Президентінің (2015.29.12. берілген өзгерістермен)
Қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Президентінің 2015.29.12. № 152 Жарлығымен күші жойылды (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығына: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда: 2-тармақ алып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат; 2011 ж., № 8, 95-құжат; 2011 ж., № 52, 710-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесiнде: мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын: «62-1. Егер бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттiк орган қызметiнiң тиiмдiлiк көрсеткiштерi төмендегені, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталса, Сараптама комиссиясы істің жай-күйіне бағалау жүргізілген орталық атқарушы органның тиiстi мемлекеттiк саяси қызметшiсiнің жауаптылығы туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.». 2. Осы Жарлық 2013 жылғы 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы наурыздың 22-і.
№ 527
Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 527 Жарлығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|