Қазақстан Республикасы Президентінің
Осы редакция 2013 жылғы 22 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің түсіндірмесін қараңыз
Қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2013 жылғы 1 наурызға дейін мемлекеттік органдарда ішкі аудит қызметін құру мен оның жұмысын реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуді қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Жарлықтың 2-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 16-ы.
№ 435
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 435 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2011 ж., № 19, 229-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде: бірінші бөлімнің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|