|
|
|
Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына
Осы редакция 2012 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 85-V Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа, 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және оларды дамыту тәртібі туралы келісімді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасына мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты реттеу мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық шарттарын айқындайды. Мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық өзара мүдделерді қорғауға негізделген және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының мүдделеріне зиян тигізбеуге тиіс.
Осы Келісімді іске асыру үшін Тараптар құзыретті органдарды тағайындайды: Ресей тарабынан - Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі; Қазақстан тарабынан - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.
Тараптар мұнайдың және мұнай өнімдерінің өзара саудасында кедендік әкету баждарын (балама әрекеті бар өзге баждарды, салықтар мен алымдарды) қолданбайды.
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан Беларусь Республикасына мұнай жеткізу көлемін, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің өзара жеткізу көлемдерін қоса алғанда, Тараптардың құзыретті органдары жыл сайын Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында мұнайды, мұнай өнімдерін өндіру (өндірісі), тұтыну, жеткізу, импорттау мен экспорттау балансын (бұдан әрі - индикативті баланс) жасайды.
Тараптар 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасында Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы мұнай жеткізу туралы шарттар (келісімшарттар) негізінде жүзеге асырылатын мұнайды өзара жеткізуді баламалы көлемде жүзеге асыру үшін жағдай жасайды. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында мұнай жеткізудің көлемін, бағыттарын, сондай-ақ өзге де шарттарын жыл сайын Тараптардың құзыретті органдары қалыптастырып осы, Келісімге хаттамамен бекітеді және ол индикативті баланста көрсетіледі.
Тараптар Қазақстан Республикасының ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасына бекітілген Тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы мұнайдың, мұнай өнімдерінің индикативті балансына сәйкес көлемде жеткізу үшін жағдай жасайды. Жыл сайын Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімге хаттама арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік аумағынан тыс шығару кезінде кедендік әкету баждарының, өсімпұлдардың төленген (өндіріп алынған) сомасын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ресей Федерациясының бюджетіне АҚШ долларымен толық көлемде аударатын мұнай өнімдерінің номенклатурасын айқындайды. Көрсетілген мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағының кедендік аумағынан тыс экспорттауды жүзеге асырумен байланысты сомаларды есептеу мен Ресей Федерациясының бюджетіне төлеу тәртібі 2011 жылғы 1 сәуірге дейін осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағын аумағынан тыс мұнай өнімдерін экспорттауды жүзеге асыруға байланысты сомаларды есептеу мен Қазақстан тарабының Ресей Федерациясының бюджетіне төлеуін айқындау әдістемесінде белгіленеді.
Тараптар мемлекеттерінің шаруашылық жүргізуші субъектілері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, келісілген тәртіпке сәйкес Тараптар алдыңғы тоқсанда осы Келісімнің 3 және 4-баптарына сәйкес жеткізген мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу көлемін салыстырып тексеруді жүргізеді және нәтижелері туралы Тараптардың құзыретті органдарын хабардар етеді. Салыстырып тексеру нәтижелері актімен ресімделеді, онда есепті тоқсандағы жеткізу көлемі, сондай-ақ есепті тоқсандағы және ағымдағы жылдың басынан бері өзара жеткізу сальдосы көрсетіледі.
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынғаннан кейін 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, басқару, олардың жұмыс істеуі және оларды дамыту тәртібі туралы келісіммен бір мезгілде күшіне енеді және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органы) 2009 жылғы 19 желтоқсандағы № 35 шешімімен мемлекеттер басшылары деңгейінде бекітілген Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-әрекеттер жоспарында қол қою көзделген барлық келісімдер Тараптар мемлекеттерінің аумағында қолданылу шартымен Тараптар мемлекеттерінің арасындағы қатынастарда қолданылады. Осы Келісім 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады. Осы Келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту қажет болған жағдайда, Тараптар 2013 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей тиісті келіссөздер жүргізеді.
Келісім Мәскеу қаласында 2010 жылғы 9 желтоқсанда әрқайсысы орыс және қазақ тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |