«Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 19 қарашадағы Заңымен ратификацияланған 2008 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (қарыз нөмірі 48840-KZ) Қарыз туралы келісімді (технологияларды коммерцияландыру жобасы) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысу үлесімен «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын. 2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні технологияларды коммерцияландыру жобасын үйлестіру, іске асыру және басқару, ғылыми негіздер мен ғылымның нарықпен байланысын нығайтуды қамтамасыз ету болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 170000 (бір жүз жетпіс мың) теңге мөлшерінде жарғылық капитал қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, серіктестіктің жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) серіктестікке қатысудың мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|